Балалар әдебиетінің бәйтерегі

   №2 балалар кітапханасы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өткізді.
   Аталған шараға Абылайхан атындағы №140 мектеп кітапханашысы және Салтанат Байдарбесова жетекшілік еткен 5 «ә» сынып оқушылары қатысты.
   Шараның мақсаты - оқырмандарға балалар жазушысы, ақын С.Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның шығармаларымен таныстырып, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
   Шара барысында Сапарғали Ысқақұлының балалық шағы, шығармашылық жолы мен әдебиетке сіңірген еңбегі кеңінен насихаталды. Оқырмандар белсене қатысып, жазушының өлеңдерін жатқа оқып, «Мен емес, шеге жыртты» атты әңгімесінен көрініс көрсетті.
21 қараша 2025 ж. 151

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам