» » Ұлт тәрбиенің қайнар көзі- кітапхана

Ұлт тәрбиенің қайнар көзі- кітапхана

     «Ұлт тәрбиенің қайнар көзі- кітапхана» атты тақырыпбен  №257 мектептің жанынан құрылған «Балдәурен» атты күндізгі тынығу лагері балалары  №13 кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашы оқырман балаларға кітапхананың тарихы туралы айта келіп, кітап көрмелерімен таныстырды.Балаларға арналған мерзімді басылымдар  «Балдырған», «Айгөлек» «Бала би», «Ақ желкен» т.б.журналдар оқуға ұсынылды. «Ерте, ерте, ертеде..» атты бұрышбен танысып ертегі кітаптардан дауыстап оқу өткізілді. Саяхат соңында  «Мен әлемді бейнелеймін» атты суретсалудан сайыс өткізілді. Балалар әр түрлі тақырыпта  «Бейбітшілік», «Астана», «Әлем балалар көзімен» т.б. өздерінің ойларынан туындаған суреттер салып, өнерлерін көрсетті. Жеңімпаз балалар сыйлықтармен марапатталды.


14 маусым 2019 ж. 1 845

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам