Әдептілік – тәрбие бастауы

   №11 кітапханада «Әдептілік – тәрбие бастауы» атты әңгіме болып өтті. Шараға №215 мектептің 5 сынып оқушылары және мектеп кітапханашысы Гүлжан Малкенова қатысты. 
   Шараның мақсаты - жақсы мінез-құлық, өзара сыйластық туралы түсінік беру. Оқушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
   Шара барысында оқушыларға әдептіліктің басты белгілері мен қағидалары жайында түсінік берілді. Адам басшысы - ақыл, жетекшісі - талап, қорғаны - сабыр, қорғайтын қорғаушысы - мінез осының бәрін тәртіпке келтіріп реттейтін - әдептілік. Әдептілік – адам бойында бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбиенің жемісі. 
  Шара аяғында әдептілік жайлы нақыл сөздердің жалғасын тап ойыны ойналды.
 
21 қараша 2025 ж. 63

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам