Жыр дүлділі – Рүстембек жырау

   №6 кітапхана «Қыдырәлі–Қарақат» студиясымен бірлесіп, сөз өнерінің саңлағы, шындық пен шежірені термеге түйген Рүстембек Жиенбайұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Жыр дүлділі – Рүстембек жырау» атты әдеби жыр кеш өткізді.
   Шараның мақсаты – жыраудың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа төл өнерімізді кеңінен таныту.
   Шара барысында жыраудың өмірбаяны мен шығармашылық жолы, халықтың мұңын мұңдаған, елдің рухын жырмен түлеткен дара тұлға жайында мәліметтер берілді.
   Сонымен қатар Рүстембек Жиенбайұлына ақындардың арнау өлең шумақтары оқылып, жыраудың өнердегі орны тағы бір мәрте айқындалды.
   «Жыр перзенті – Рүстембек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жыраудың шығармалары мен оның мұрасын зерттеген еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.
21 қараша 2025 ж. 56

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам