Қазақ жырының жарық жұлдызы

   №3 кітапхана М.Ералиева атындағы мәдениет үйімен бірлесіп «Адал адам» мәдени тәрбие орталығының «ӘЛЕМ - ВООК» бағыты бойынша ҚР-ның халық жазушысы, ақын  Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жыл толуына орай,  «Қазақ жырының жарық жұлдызы» атты әдеби-кеш өткізілді.
   Шараның мақсаты - оқырмандарға халқымыздың асыл перзентін ұлықтап, шығармашылық мұрасын қайта жаңғыртып, жас буынға таныстыру.
   Кеш барысында кітапханашы Гүлмира Мұханова қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар, өрелі ойы мен нәзік сезімін көркем тілмен кестелеген ақынның шығармашылық еңбегіне кеңірек тоқталып, «Сөз теңізден маржан сүзген» кітап көрмесіне шолу жасады. 
Әдеби кешке №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп, №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицей оқушылары қатысып, ақынның     «Арма, Республикам» кітабынан «Таудағы таң», «Бір ағаға», «Ана тілі, «Інілер» тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
25 қараша 2025 ж. 87

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам