Сыр перзенті-Біліс батыр
№6 кітапханада Кеңес Одағының Батыры Сыр өңірінің даңқты перзенті- Нұрпейісов Білістің 100 жасқа толуына орай «Сыр перзенті-Біліс батыр» атты ерлік сағаты өткізілді. Оқырман қауымға Ұлы Отан соғысы жылдары ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры Біліс Нұрпейісов туралы мәліметтер, ерлігі мен қаһармандығы, жорық жолдарынан естеліктер айтылып, «Ерлігі – елге мұра» тақырыбындағы кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге, батыр туралы жазылған мерзімді баспасөз мақалаларына шолу жасалды.







