Музыка әлемінің қазағы - Нұрғиса

   №8 кітапхана күйші-сазгер, домбырашы, дирижер, ҚР Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 толуына орай «Музыка әлемінің қазағы - Нұрғиса» атты әдеби музыкалық кеш өткізді. 
   Аталған шараға Санжар өнер орталығы «Үкілі домбыра» өнерпаздары жетекші Н.Рахманқұлова, «Ғибрат жыр-терме» үйірме өнерпаздары жетекші М.Маханбетжанов, Бәйтерек мектебі 7 сынып оқушылары мен мұғалімі К.Искакованың қатысты.
   Шараның мақсаты – ХХ ғасыр көгінде қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде аса көрнекті шығармалар қалдырған, ұлттық музыка тасқынын биік деңгейде бүкіл әлемдік өнер дариясына молынан апарып қосқан ұлы тұлға, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған композитор, дирижер, кемел домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің өмірінен мағлұмат бере отырып, өнерін насихаттау, өнерді сүйе білуге тәрбиелеу, өнерге, күй өнеріне қызығушылығын дамыту.
   Шара барысында қатысушы үйірме өнерпаздары киелі домбыра сүйемелдеуімен өз өнерлерін көрсетті.
27 қараша 2025 ж. 62

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам