Жыр жұлдызы –Жұмекен

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана ақын, жазушы, аудармашы мемлекет және қоғам қайраткері Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Жыр жұлдызы –Жұмекен» атты әдеби кеш өткізді.
  Мақсаты - өскелең ұрпаққа қаламгер Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
Шараға «Сейхун» колледжінің МД–25-9/3 топ жетекшісі Алтынай Сайлыбаева студенттерімен, мұғалім Мақпал Сламхан, колледж кітапханасының меңгерушісі Лализа Рабаева мен кітапхана оқырмандары қатысты.
 Шара барысында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, ақын мұрасының ұлттық руханияттағы маңызы мен ақынның поэзиясының орны мен көркемдік ерекшелігі туралы айтылып, қаламгердің шығармашылығына арналған бейне баян көрсетілді. Жас оқырмандар ақынның «Алматы», «Ақын», «Дала», «Домбыра», «Теңіз» өлеңдерін мәнерімен жатқа оқып, қатысушылардың көңілін бір серпілтті. 
 Шара соңында қатысушылардың назарына кітап қорындағы Ж.Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, «Сергіту» ойыны арқылы жастардың кештен қандай әсер алғанын білу үшін  кері байланыс жасалды.
27 қараша 2025 ж. 58

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам