Кітапхана – қазыналы бір әлем
№2 кітапханада «Кітапхана – қазыналы бір әлем» атты ашық есік күні өтті. Шараға Жаппасбай Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің Гүлназ Бодыкова жетекшілік еткен 4 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында балаларға кітапхана құрылысы және қітап қоры туралы толық ақпарат беріліп, кітапхана қорындағы кітаптармен танысты. Балалар иновациялық сөйлейтін қалам «Даналық әліппесі», «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітаптарға аса қызығушылық танытты.







