Біз ғасыр дертіне қарсымыз
№1 кітапхана 1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Біз ғасыр дертіне қарсымыз» атты хабарлама сағатын өткізді.
Шараның мақсаты - оқырмандардың СПИД-тің жұғу көздері және одан сақтану жолдары жайлы білімдерін жетілдіру, ғасыр дертінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын арттыру.
Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің қызметкерлері мен 10 сынып оқушылары және №4 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Ж.Ә.Махмутова қатысты.
Шара барысында Ж.Ә.Махмутова АИТВ және ЖИТС ұғымының айырмашылығы, ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары, жалпы үш түрлі жолмен тарайтын бұл аурудың пайда болуының себептері жайлы нақты деректер арқылы мәліметтер айтты. Денсаулықты сақтау және нығайту, аурудың алдын алу, аурудан қорғану жайлы ақпараттар жазылған парақшалар таратып, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстануға арналған жаттығулар жайлы дәрігерлік кеңес берді.







