Аққан жұлдыз

  №12 кітапхана Қызылорда жоғары көпсалалы «Ашық» колледжі ГСХ-25-о оқу тобы студенттерінің қатысуымен Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» атты шығармасына  талдау өткізді. 
  Шараның мақсаты – жазушының шығармаларын насихаттау, оқу мәдениетін арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу.   
  Қаламы қарымды қаламгер Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған эпопея. 
  Шара барысында студенттер түрлі көкейтесті сұрақтарды талқылау арқылы романның басты  кейіпкерге мінездеме беріп, шығармада көтерілген мәселені талқылап, өз ойларын ортаға салды. Өздерінің ой ұшқырлықтары мен ұтымды пікірлері арқылы романды қызыға оқығандарын көрсетті.
 
02 желтоқсан 2025 ж. 78

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам