Тіл құдыретінің алыбы

 А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада қазақ тілінің профессоры Төлеубай Қордабаевтың 110 жылдық мерейтойына орай «Тіл құдыретінің алыбы» атты библиографиялық шолу өтті.
 Мақсаты - Т.Қордабаевтың өмірі мен еңбек жолын оқырмандарға насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
 Қазақ тіл білімі саласында қомақты еңбек еткен ірі тұлға, профессор Т.Р.Қордабаевтың өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған лингвистикалық мұрасы туралы кітапханашы Г.Молдасанова «Қазақ энциклопедиясы»,  Т.Қордабаевтың «Жалпы тіл білімі», «Түркология және қазақ тіл білімі» кітаптарына шолу жасап, өскелең ұрпаққа таныстырды. Сонымен қатар Тіл грамматикасын зерттеудің ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретіні де  бүгінде  өзектілігін жоғалтпағанын, жалғасын тауып зерттеліп жатқанын айтып өтті.
03 желтоқсан 2025 ж. 48

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам