Қазақстаным – қарашаңырағым

  Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №12 кітапхана «Аманат school» мектебіне барып  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жергілікті ақын Балашбек Шағырұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақстаным – қарашаңырағым» атты поэзия сағатын ұйымдастырды. 
  Іс-шара барысында ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілікпен жазылған өлеңдері оқылып, шығармаларынан үзінділер тыңдалды. Оқушылар мен кітапхана оқырмандары ақынға арналған арнау өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Балашбек Шағырұлы – туған ел жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.Поэзия сағатына «Аманат school» мектебінің 4 «а» сынып оқушылары  мен ұстаздары қатысты. 
  Шараның мақсаты – ақынның өмір жолын, шығармашылығын насихаттап, оқырмандарды туған жерді сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
04 желтоқсан 2025 ж. 74

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам