Бақытсыз Жамал
№ 20 кітапхана ақын-жазушы белгілі қоғам қайраткері, ағартушы М.Дулатұлының 140 жылдығына орай «Бақытсыз Жамал» романына талдау өткізді. Аталған шараға Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты - шығарманы талдау арқылы, қазақ қыздарының басынан өткен тағдыры мен тарихымызды білу, М.Дулатұлының өмірі жолы мен шығармаларын насихаттау.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қыздарының теңдікке ұмтылуының әдебиетіміздегі маңдай алды тақырып болып табылуы тек қана әйел тағдыры емес, рухани теңдікке, бостандыққа ұмтылған қазақ ұлтының күрескерлік болымысын танытумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда «Бақытсыз Жамал» азаттық идеясын басты ұстанымға айнлдырған роман болып табылады.







