Мен кітап оқимын
№20 кітапхана Мүсілімұлы атындағы №101 мектептің 2 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен кітап оқимын» атты библио-кросс өткізді.
Шараның мақсаты - кітапхана қорындағы балаларға арналған көркем әдебиеттерді насихаттау арқылы өселең ұрпақты еңбекқорлық, батылдық пен батырлық, адалдық пен адамдық мейрімділік пен отанын сүюге кітап оқыту арқылы ой-өрістерінің дамуына ықпал жасау.
Шара барысында балаларға арналған қаламгерлеріміздің кітаптарынан қызықты әңгімелер оқылып әңгімедегі кейіпкелердің іс-әрекеті талқыланды.







