Отырардың ойлы перзенті

  №1 кітапхана Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Отырардың ойлы перзенті» атты рухани кеш өткізді. Шараға №176 орта мектептің ұстаздары мен 8 сынып оқушылары қатысты. 
  Шараның мақсаты – ғұлама ғалымның бай мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау.  
  Шара барысында кітапхана қызметкері А.Наршаева ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылымдағы орнын таныстырып, философия, математика, музыка, логика сияқты түрлі салалардағы еңбектері жайында кеңінен баяндады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ә.Ыдырысова, Г.Нұрталлаева Әбу Насыр әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі, ғылыми ой-тұжырымдары және оның «Екінші ұстаз» атануының мәні туралы мол мәліметтерді айтты. Сонымен қатар, жас оқырмандар ғалымның «Тіршілікте құрыштай бол төзімді», «Қашықтасың», «Қағаздың түсіп бетіне», «Тамылжып бал тыныштық айналамнан» атты өлеңдері және нақыл сөздерін жатқа оқып, арнайы жасақталған «Әл – Фараби мұрасы» атты кітап көрмесімен танысты.
10 желтоқсан 2025 ж. 53

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам