Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі» атты көрме понарама болып өтті. Аталған шараға С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің кітапхана меңгерушісі Б.Ибрагимова мен 1 курс студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шараның мақсаты Тәуелсіздік күнінің жас ұрпақ үшін маңыздылығын түсіндіру, Қазақстан Республикасының тарихи құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау, елжандылыққа шақыру.
Көрме понарама үш бөлімнен тұрды.
Көрменің бірінші бөлімі бір ғасыр бұрын қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған «Алаш» қайраткерлеріне арналды. Екінші бөлім 1986 жылғы 16 желтоқсандағы қайғылы оқиғаны көрсетеді. Тәуелсіздіктің қалыптасуына арналған үшінші бөлімнен жастар Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан өз тарихының жаңа беттерін ашқаны жайлы, сонымен бірге көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен келісім қазіргі қазақстандық шынайылықтың басты өзегін құрайтынын және Тәуелсіздік алған кездегі маңызды оқиғалар мен республика әлемдік экономикада қол жеткізген негізгі жетістіктер туралы ақпараттармен танысты.







