Қайсар ұрпақтың көз жасы

  №17 кітапханада 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай, «Қайсар ұрпақтың көз жасы» атты танымдық сағат өтті. Шараға №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. 
  Шараның  мақсаты - еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабамыздың ерлігін паш ету, Келер ұрпақты елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. 
  Шара барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Қ.Сражадинова жан тебірентер желтоқсан оқиғасы мен тұғырлы Тәуелсіздігіміз жайлы жазылған «Азаттық аңсағандар», «Желтоқсан көтерілісі: Көп томдық айғақ-кітаптар»,  М.Жолдасбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы», Қ.Аймаханның «Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады», А.Бектемісовтің «Тәуелсіздік тартуы» және т.б. тарихи-танымдық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасады. Осы айтулы ұлы мерекеге орай, ұйымдастырылған шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары Ілияс Аманқос, Расул Орынбасар, Әлихан Айдарбекұлы «16 желтоқсан - біз үшін ұлттық рухымызды көтеретін өте маңызды мереке және де осындай Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз» - деп өз ойларымен бөлісті. 
Шара соңында сынып жетекшісі Нұргүл Палымбетова Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болуын тілеп, ұйымдастырушыға өз алғысын білдірді.
12 желтоқсан 2025 ж. 68

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам