Тәуелсіздік таңы мәңгілік
№1 кітапхана 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты тарихи танымдық сағат өткізді.
Шараның мақсаты - Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің ұстаздары мен бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында оқырмандарға тамыры тереңде жатқан Тәуелсіз еліміздің тарихы жайлы мәлімет айтылып, таным көкжиектерін, ойлау қабілеттерін арттыратын еліміздің өткені мен бүгіні жайлы «Сен білесің бе?» атты викториналық ойын ойнатылды. Жас оқырмандар шараға белсене қатысып сұрақтарға дұрыс жауап беріп, Отан, Тәуелсіздік, Қазақ елі жайлы жыр шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды.







