Бабалар аңсаған Тәуелсіздік
№14 кітапханада 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты библиографиялық шолу болып өтті.
Шара барысында оқырмандарға Қазақ елінің тәуелсіз ел болу мақсатындағы еркіндік пен бақытты өмір сүру үшін жүргізген толассыз, тынымсыз күрестерінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін тарихи деректер айтылды.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, Б.Нұржеке-ұлының «Қазақ тарихынан», «Қазақ батырлары», С.Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты», А. Бектемісовтың «Тәуелсіздік тартуы», «Желтоқсан көтерілісі», Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея – Тәуелсіздік тұғыры», «Қасиеттім – Желтоқсан» атты әдебиеттерге шолу жасалып, таныстырылды.







