Тұғырлы туым - Тәуелсіздік
№13 кітапхана 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тұғырлы туым - Тәуелсіздік» атты ерлік сағатын өткізді.
Шараның мақсаты - туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Аталған шараға № 257 орта мектептің оқушылары мен ән – әуез пәнінің мұғалімі Аида Исенбекқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұргүл Көпберген, бастауыш сынып жетекші Гауhар Кипатшақызы қатысты.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылып, Қазақ елінің Тәуелсіз ел болу мақсатындағы, еркіндік пен бақытты өмір сүру үшін жүргізілген толассыз, тынымсыз күрестің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін тарихи бейнебаян көрсетілді. Кітапхананың белсенді оқырмандары тәуелсіздік тақырыбында ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, Исраил Сапарбаевтың сөзіне жазылған «Ер тұран» күйін орындады.
Аида Исенбекқызының сүйемелдеуімен «Көк тудың желбірегені», «Менің Қазақстаным», «Мәңгілік ел жастары» әндері шырқалып, көрермен ықыласына бөленді. Кітапханашы Жансая Бекқабылқызы «Менің қазағым» әнін тамылжыта орындады. «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға насихатталды.








