Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты

  №19 кітапхана 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты» атты танымдық сағатын өткізді. 
 Шараның мақсаты - Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
  Шараға «Шуағым» - өнер орталығының ұстаздары мен үйірмеге  қатысушы оқушылар қатысты. 
  Шара барысында 1986 жылы желтоқсандағы қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерліктері айтылды. Өнер орталығының өнерпаздары, үйірме қатысушылары өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында кітапханашы Айжан Болатқызы «Тәуелсіздік тамырлары» атты кітап көрмесін таныстырды.
15 желтоқсан 2025 ж. 55

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам