Жаңғырығы ерліктің-желтоқсан
№7 кітапханада 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жаңғырығы ерліктің-желтоқсан» атты тарихи танымдық сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты - кітапхананың жас оқырмандары бойына елжандылық сезімдерін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Шара барысында Қарауылтөбе әкімшілігінің бас маманы Қойшыбай Жусупов сөз сөйлеп құттықтады. Оқырмандарға қазақ елінің баға жетпес байлығы – Тәуелсіздігіміздің бізге оңай жетпегенін, ғасырдан ғасырға қазақ халқы ел болып бірігу, ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден, түрлі қиындықтардан өткені жайлы мәлімет берді. Кітапханашы Г.Тілесова кітап көрмесіне қойылған ұлт-азаттық көтерілістер, зиялы қауым өкілдері, аштық жайлаған жұт, желтоқсан көтерілісі жайлы жазылған әдебиеттерге шолу жасап, таныстырды.







