Қылқаламның қас шебері
№5 кітапханада суретші Қайырбек Зәкіровтің 80 жылдығына орай «Қылқаламның қас шебері» атты өнер сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты - оқырмандарды суретшінің өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, ұлттық бейнелеу өнерін насихаттау, жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында Қайырбек Зәкіровтің өмірбаяны, шығармашылық ізденістері, қылқалам шеберінің көркем туындылары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Суретшінің еңбектеріндегі ұлттық нақыш, табиғат көріністері мен адам болмысының бейнеленуі ерекше аталып өтілді.







