Жаңа жыл ғажайыптары

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Нұр - Әлем» балабақшасы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Жаңа жыл ғажайыптары» атты әңгімені өткізді.
  Шараның мақсаты - жас оқырмандарға кітапхана қорындағы балаларға арналған жаңа жылдық ертегі кітаптарды таныстыру, насихаттау, кітап оқуға қызығушылығын ояту.
  Кітапхана қызметкерлері балаларға шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлайтын, ғажайып күтетін Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік бере отырып, жаңа жылға арналған  ертегілермен таныстырды. О.Асқар «Біздің мерекелер», Б.Әлімжанов «Шыршадағы шытырман», «Морозко», Р.Сандерсон «Қар ханшайымы», «Балдырған» журналында жарық көрген мейірім, достық пен ғажайыптар тоғысқан әсерлі әңгімелерді тыңдап,  бүлдіршіндердің жүздеріне қуаныш ұялады. Әңгіме өте әсерлі, көңілді әрі есте қаларлықтай өтті, бұл жаңа жыл қарсаңында қызықты баяндалған бала қиялын қайта оятқан ерекше шара болды.
24 желтоқсан 2025 ж. 77

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам