Кітап және интернет
№2 кітапхана Т.Есетов атындағы № 264 мектеп - лицейінің 8 сынып оқушылары және химия пән мұғалімі Динара Русланқызының қатысуымен «Кітап және интернет» атты пікір - талас өткізді.
Шараның мақсаты - ғаламтордың пайдасы мен зияны және кітап туралы мағлұмат бере отырып, ой - өрісін дамыту.
Шара барысында Интернетте ақпарат қайдан алынады? Интернет қандай желі? Интернеттің шығу тарихы? т.б сұрақтар қойылып, балалар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, қоғам арасында кеңінен қанат жайған ғаламтор төңірегінде және де адам баласының жан азығы ерте заманнан адамды білімге жетелеген кітап туралы мәлімет берілді.







