Тарих толқынындағы Тәуелсіздік
№20 кітапхана Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 35 жыл толуына орай «Тарих толқынындағы Тәуелсіздік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Биыл Егемен ел атанғанымызға 35 жыл толды. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған еді. Тәуелсіздік жылдарында елеулі жетістіктерге жетті, күрделі сын қатерлер аз болмады. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Шекараларын айқындап, жаңа астанасын салды. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Бүгінгі өрімтал ұрпақ – еліміздің ертеңі. Тәуелсіздік туын болашаққа апаратын буын.
Қоғамның әрбір азаматтары ел өміріне қатысуы, оның мүддесін қорғауы және қоғамды дамытуы керек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк туымыз биікте желбірей берсін.








