Дін мен дәстүр сабақтастығы»
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың коворкинг орталығында «Кітап құрттары» клубының кезекті отырысы өтті. Клуб төреағасы Талғат Меңдібай кезекті отырысында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында әңгіме өрбітіп, клуб мүшелері өз ойларымен бөлісті. Шараның мақсаты – жастардың діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы азаматтық ұстанымдарын күшейту, отансүйгіштікке және зайырлы құндылықтарға тәрбиелеу болып табылады. Әңгіме барысында көгілдір экраннан түспей жүрген орамал дауы, адасқан ата-ана, кінәсіз сәби, жаһандық қауіппен күрес мәселелері жөнінде де қатысушылар өз ойларын ортаға салып пікір талқысына алды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әртүрлі бағыттағы діни ұйымдар туралы, дұрыс діни жолды таңдай білу туралы айтылды. Клуб отырысы өте қызықты әрі әсерлі өтіп, жастарды өз елінің адал патриоты болуға шақыратын мазмұнды әңгімелер өрбіді.







