Президент Жолдауы игі істер кезеңі
№17 кітапханада С.Әлжіков атындағы №144 орта мектеп оқушыларының қатысуымен, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында, «Президент Жолдауы игі істер кезеңі» атты ақпарат сағаты болып өтті.
Шара барысында жолдаудың басты басымдықтары, әлеуметтік қолдау, білім мен ғылымды дамыту, еңбекқорлық пен адалдық құндылықтары туралы, сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын экономика мен білім, денсаулық сақтау, ауыл-шаруашылығы сияқты салаларға енгізу туралы оқырмандарға толық ақпарат берілді.
Шараға қатысушылар Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру туралы өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойып, бір-бірімен пікір алмасып белсенді қатысты. 6 «А» сынып жетекшісі Нұргүл Палымбетова Президент жолдауының ел дамуы үшін маңызына ерекше тоқталып, игі істерге үлес қосу әр азаматтың парызы, сонымен қатар жасанды интеллект жолдаудағы басты басымдықтардың бірі және жас ұрпақты болашаққа дайындау жолындағы маңызды қадам екенін айтып өтті.







