Тарихы терең, тағдыры кемел ел
№5 кітапхана Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл мерейтойы аясында «Тарихы терең, тағдыры кемел ел» атты кітап көрмесін өткізді.
Мақсаты - оқырмандардың ұлттық тарихқа қызығушылығын арттырып, Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу және егемен Қазақстанның жетістіктерін насихаттау.
Көрмеге Қазақстан тарихы, қазақ мемлекеттілігі, Алаш қозғалысы, ашаршылық пен қуғын - сүргін жылдары, тәуелсіздік кезеңі туралы зерттеу еңбектері, тарихи романдар, ұлт зиялылардың шығармалары және «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы басылымдар қойылды.







