Тәуелсіз елім - Қазақстан
№4 кітапханада ҚР. Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты кітап көрмесі №253 орта мектебінің оқушыларының қатысуымен өтті.
Шараның мақсаты - Еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі дербес мемлекет ретінде даму тарихына шолу жасап, жас ұрпақты Отанын сүюге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрмеге «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты фото–альбом, Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея – Тәуелсіздік тұғыры» атты публицистикалық толғаулары, ҚР–сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған оқиғалар хроникасының 1-2 көп томдық жинақтары, «Тәуелсіздік толғауы» атты сериямен жарық көрген әдебиеттерге шолу жасалып, кеңінен таныстырылды.
Шара барысында жастар ұсынылған әдебиеттермен танысып, еліміздің өткен тарихы мен бүгіні жайлы мағлұмат алды.







