Ұлт рухын көтерген дара тұлғалар
№15 кітапханада «Ұлт рухын көтерген дара тұлғалар" атты кітап көрмесі болып өтті. Көрмеге Талсуат ауылдық клуб үйі қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.
Көрменің мақсаты – ұлт рухын көтерген тұлғалардың өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен таныстырып, жас ұрпаққа ұлттық рухты, әдебиетке деген сүйіспеншілікті сіңіру.
Шара барысында ғасырлар бойы ұлтымыздың рухани дамуына, мәдени өрлеуіне, ел тәуелсіздігі жолындағы күресіне үлес қосқан көшбасшы, ұлы тұлғаларымыздың өмірі мен еңбегі жайында ақпарат беріліп, оқырмандарға таныстырылды.







