Абылайдай хан өткен
№16 кітапхана аса көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханның 315 жылдығына орай «Абылайдай хан өткен» атты ауызша журнал өткізді. Шараға Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары мен кітапханашылары қатысты.
Шараның мақсаты - оқырмандарға Абылай хан есімін ұлықтау, оның туған жері, елі үшін жасаған ерліктері мен қызметі жайлы насихаттау.
Шара барысында Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан азат еткен, алып мемлекеттер – Қытай, Ресей патшалығымен мәмілеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған хан, кемеңгер көсем Абылайдың өмірі мен ерлігі, тарихтағы орны жайлы мәлімет беріліп, кітапхана қорындағы «Қазақ хандары», «Қазақтың ханы - Абылай», Т.Әнуардың «Абылай хан», «Алаштың айбын-ардағы–Абылай хан» және тағы басқа әдебиеттер насихатталды.







