Ел болашағының бағдары

  №3 кітапхана М.Ералиева атындағы мәдениет Үйімен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі шешу цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты дәстүрлі жолдауын насихаттау мақсатында «Ел болашағының бағдары» атты дөңгелек үстел өткізілді. 
  Шара барысында кітапханашы Гүлмира Мұқанова жолдаудың басты басымдықтары, әлеуметтік қолдау, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ жастардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін айтып, Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды. Мұндай кездесулер жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, заманауи көзқарас қалыптастыруға және әрбір студенттің ел болашағы үшін өз жауапкершілігін терең түсінуіне мүмкіндік береді.
   Шараға Текей Батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің студентері, оқытушылары және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
16 қаңтар 2026 ж. 36

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам