Ы.Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогы
№1 кітапхана ұлы ағартушы, педагог, этнограф ғалым Ы.Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ы.Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогы» атты ақпараттық дайджест өткізді. Шараға Ә. Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты – қазақ халқының біртуар ұлы, ұлт мақтанышы, тұңғыш қазақ мектебін ашқан ағартушының биік тұлғасын, өнегелі өмір жолын таныстыру, тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармаларын насихаттау.
Шара барысында оқырмандарға Ы.Алтынсариннің тұңғыш 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай қаласында ашқан қазақ мектебі мен ғалымның қазақ алфавитін жасау жолындағы ағартушылық қызметі, сонымен қатар тарихи тұлғаның балалар әдебиетінің негізін салудағы жазушылық еңбегі мен қазақ халқын өнер-білімге үндеудегі ғибратты ғұмыры мен шығармашылық мұрасы жайлы ақпараттар айтылып, шығармалары таныстырылды.







