» » Рухани келісім – бейбіт өмірдің негізі

Рухани келісім – бейбіт өмірдің негізі

  №6 кітапхана «Рухани келісім – бейбіт өмірдің негізі» атты дін өкілдерімен кездесу кездесу кешін өткізді. Аталған шараға  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж студенттері қатысты.
  Шара барысында Қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы Ғалымжан Ғанибекұлы және Мырқы қажы мешітінің наиб имамы Асқар Алмасұлы қатысып, рухани келісім, діни сауаттылық, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністік тақырыптарында мазмұнды ойларымен бөлісті. Студенттер көкейінде жүрген сауалдарын қойып, мамандардан нақты әрі тұшымды жауаптар алды.
  Сонымен қатар кітапханашы тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі рухани-танымдық әдебиеттерге шолу жасады. Шара студенттердің рухани көзқарасын кеңейтіп, бейбіт өмір құндылықтарын терең түсінуге зор мүмкіндік берді.
16 қаңтар 2026 ж. 5

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам