Тәуелсіз ел ұланымын

  №18 кітапханада ҚР Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Тәуелсіз ел ұланымын» атты библиографиялық шолу №197 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен болып өтті.
  Шараның мақсаты - еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы даму тарихына шолу жасап, тәуелсіз ел ұландарын мемлекетіміздің дамуына үлес қосуға, Отанын сүюге, салауатты өмір салтын ұстанып, білім-ғылым игеруге шақыру. 
  Шара барысында тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылып, тарихшы - ғалым Бейбіт Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік тамырлары» атты тарихи танымдық бес бөлімнен тұратын жинағы және жазушы Гүлзат Шойбекованың «Тұғырыл - ханның Көк туы» атты шығармасы қойылып, жас ұрпаққа еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар мен ірі тұлғалардың қызметтері таныстырылды. Сонымен қатар публицист-журналист Қуат Бораштың «Өз елім–өркениетім» кітабы жас ұрпақты ата-мекенді ардақтауға, тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық сананың жаңғыру үдерісін насихаттауға арқау болды. Шараға қатысушы жас ұрпақ ел тарихынан мол мағлұмат алды.
19 қаңтар 2026 ж. 72

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам