Ұлт рухын ұлықтаған қаламгер
№4 кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы Қ.Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған қаламгер» атты әдеби портрет Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.
Іс-шараның мақсаты – жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, тарихи тақырыптағы туындылары арқылы ұлттық рухты, елдік пен ерлікті дәріптеу, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмірбаяны, шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі жайлы мәлімет берілді. Жазушы шығармаларынан үзінді оқылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.







