Қазақ тілі – ұлт тілі
№8 кітапхана «Аңсар - Кәусар - 2020» мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақ тілі – ұлт тілі» атты кітап көрмесін өтті.
Көрменің мақсаты – ана тіліміздің рухани-мәдени құндылық ретіндегі маңызын көрсету, жас ұрпақты ана тілін қадірлеуге, сауатты әрі көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрмеге қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуын, әліпби тарихын, тіл білімінің негізін қалаған ғалымдардың еңбектерін, көрнекті ақын-жазушылардың тіл туралы ой-толғамдарын қамтыған әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.







