Өмірім кітаппен өрілген
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада ардагер кітапханашы Гүлжахан Қайырбергенқызымен «Өмірім кітаппен өрілген» атты сыр-сұхбат болып өтті.
Мақсаты - кітапхана саласында ұзақ жыл еңбек еткен маманның өмір жолын, қызметтік тәжірибесін, рухани ұстанымын жастарға үлгі ету, кітапхана ісінің маңызын насихаттау. Жас мамандар мен оқырманды кітапқа құрметпен қарауға, рухани құндылықты бағалауға тәрбиелеу.
Шара барысында ардагер өз еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, кітапхананың қоғамдағы рөлі, оқырманмен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері, кітаптың адам өміріндегі орны туралы мазмұнды әңгімелер айтты. Қатысушылар ардагерге көкейдегі сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды.








