Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана құрылыс және бизнес колледж студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты ақпарат сағатын өтті. 
  Шараның мақсаты - студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылығын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру. 
  Шара барысында оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, оның қоғамға тигізетін зияны туралы мәлімет берілді. Студенттерге нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, бейнеролик көрсетіліп, тақырып бойынша ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам  құрудағы жастардың рөлін талқылады. Шара студенттерге үлкен ой салып, белсенділік танытуға мүмкіндік берді.
22 қаңтар 2026 ж. 35

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам