Балабақшадағы кітап күні

  №13 балалар кітапханасы «Күнекей» бөбекжай балабақшасының «Бәйтерек» мектеп алды тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі Ақерке Әбдікерімқызы, Табиғат Сағатбекқызының  қатысуымен «Балабақшадағы кітап күні» атты кітапханалық десант өткізді. 
  Шара барысында бүлдіршіндерге қызықты ертегі суреттері көрсетіліп, «Парсы патшасы мен теңіз патшайымы», «Түлкі мен қоян», «Түйе мен түлкі», «Қарынбай», «Патша мен Бүркіт», «Нан батыр» қазақ ертегілері дауыстап оқылды. Жас оқырман кітапқа деген қызығушылығы артып,  қазақ ақындарының бірнеше шумақ өлеңдері жатқа айтылды. LED экраннан  қазақ ертегілерінен үзінді көрсетілді. 
  Шараның мақсаты - бүлдіршіндердің тіл байлығын, сөздік қорын толықтыру жетілдіру, ертегі айту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
23 қаңтар 2026 ж. 15

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам