Қыстың соңғы түні

  №17 кітапхана «Шабыт» көркем сөз оқу үйірмесі оқушыларының қатысуымен жерлесіміз жазушы, аудармашы, мәдениеттанушы Тілеухан Жұмахановтың «Қыстың соңғы түні» атты алғашқы әңгімесі бойынша кітап талдауы өтті.
  Шара барысында  қатысушылар «Қыстың соңғы түні» атауының мағынасы неде деп ойлайсың?, «Әңгімедегі негізгі оқиға қалай өрбиді?», «Ақай қандай адам? Оның мінезін іс-әрекеті арқылы қалай танимыз?», «Зағипа бейнесі арқылы автор қазақ әйелінің қандай қасиеттерін көрсеткен?», «Иманәлі көршінің іс-әрекеті оның адамгершілік қасиетін қалай танытады?» деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салып, шығарманың мазмұнынын толық ашты. 
  Үйірме жетекшісі Қарлығаш Жарқынбекқызы шығарма барысында сол түннің кейіпкер үшін оңай болмағанын, табиғаттың қаталдығы мен адам жанындағы арпалыстың қатар өрбігенін қызықты етіп әңгімелеп берді.
23 қаңтар 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам