Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы
№2 кітапханада оқушыларды кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптармен таныстырып, шолу жасау дәстүрге айналған. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, жас оқырмандар кітапханаға келіп түскен әртүрлі бағыттағы кітаптармен танысты.
Шара барысында балалар ертегі кітаптарға ерекше қызығушылық танытты. Бұл шара баланың кітапқа деген қадыр-қасиетін ұғынып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.







