Жақсы кітап – жан азығы

  №1 кітапханада «Жақсы кітап – жан азығы» атты библиофреш өтті. Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. 
  Шараның мақсаты – кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттерді насихаттау, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. 
  Шара барысында оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығы түсіндіріліп, балалар мен жасөспірімдерге арналған А. Құнанбайұлының «Қарасөздер. Поэмалар», А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ», О.Кемалдың «Әке үйі», Ш.Перроның «Ертегілер», «Акулалар. Киттер мен Дельфиндер», «Галактика. Шоқжұлдыздар», Б.Асановтың «Әжемнің әңгімелері», Т.Бейсембектің «Ақылды піл», Т.Әлжантегінің «Базарлық» және т.б.  рухани-танымдық бағыттағы жаңа әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
23 қаңтар 2026 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам