Кел, балалар, оқылық!

  №8 кітапхана «Адал адам» мәдени–тәрбие орталығы  «Әлем ВООК»  бағыты бойынша Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты әдеби-жыр кешін өтті. 
  Шараның мақсаты–қазақтың ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, білімге, адамгершілікке тәрбиелеу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
  Шара барысында патриоттық әндер мен ұстаздықты ұлықтауға арналған әндер шырқалып, кештің мазмұнын айшықтай түсті. Оқушылар Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның тәрбиелік мәні зор шығармаларына терең бойлады.
Сонымен қатар «Ұлт  ұстазы – Ыбырай» атты кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған ағартушының өмір жолы мен ел болашағы үшін сіңірген еңбегі кеңінен насихатталды.
  Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық рухты көтеруге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етті.
23 қаңтар 2026 ж. 44

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам