Қазақ елім – Тәуелсіздік жерім

  №6 кітапхана Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Қазақ елім – Тәуелсіздік жерім» атты әдеби оқу өтті. Аталған шараға Қ.Қаракөзов атындағы №235 мектеп - гимназияның 8 сынып оқушылары қатысты. 
  Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тәуелсіздіктің тарихи маңызын терең түсіндіру, қазақ ақын-жазушыларының тәуелсіздік тақырыбындағы шығармаларын насихаттау, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
  Шара барысында оқушылар тәуелсіздік тақырыбындағы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, елге деген сүйіспеншіліктерін көркем сөз арқылы жеткізді. Тәуелсіздік тарихы мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға мазмұнды таныстырылым жасалды.
23 қаңтар 2026 ж. 48

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам