Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры
№12 кітапханада И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі болып өтті.
Мақсаты - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған кітап көрмесін насихаттау.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихы, жетістіктері, ел бірлігі мен Мәңгілік ел идеясының маңызы жайлы ақпарат берілді. Оқырмандар бейбіт өмір мен ел бірлігінің маңызы жөнінде ой бөлісті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды.







