Жастардың рухын оятқан күн
№19 кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Жастардың рухын оятқан күн» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған шараға «Болашақ» колледжінің студенттері қатысты.
Шараның мақсаты – мемлекетіміздің, ұлтымыздың тарихы мен жетістіктерін, жасампаздық жолын кеңінен насихаттау.
Шара барысында жастар ұсынылған әдебиеттермен танысып, еліміздің өткен тарихы мен бүгіні жайлы мағлұмат алды.







