Бала тілін ұғынған қаламгер
№9 кітапханада балалар жазушысы, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай, «Бала тілін ұғынған қаламгер» атты портрет кеші өтті.
Шара барысында жазушының өмір жолы мен балаларға арналған шығармалары таныстырылып, оқырмандарға қызықты мәліметтер ұсынылды.
Шараның мақсаты - оқырмандарды көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан Әдібай Табылдының шығармашылығымен таныстыру, оның әдеби мұрасын насихаттау.







